Түркістан
EN

Түркістанда өңірдегі қоғамдық - саяси ахуалдың жай-күйі талданды

293
09.11.2022

Түркістан облысының әкімінің төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал мәселелері туралы отырыс өтті. Жиынға облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Жиын барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстырды. Басқосуда қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі қажеттігі баса айтылды. Облыс әкімі басты ұстаным – халықпен тиімді кері байланыс орнату керектігін, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс деді. Жиын қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды аталған мәселелердің барлығын қарап шығып, облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.