Түркістан
EN

Түркістандық жастар Түркиядағы халықарылық жарыста жеңімпаз атанды

385
08.11.2022

Түркістандық оқушылар Түркия Республикасында өткен Олимпиадада жеңіспен оралды. Жеңімпаздарды Түркістан әуежайында ата-аналар мен мектеп ұжымы күтіп алды. XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA деп аталатын сайыс 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Халықаралық бәсекеде оқушылар ағылшын, математика, география, орыс тілі пәндерінен бақ сынайды. 

Халықаралық олимпиаданың негізгі мақсаты үздік оқушы мен шынайы дарын иелерін тану. Сондай ақ, олардың табысқа жету жолында серпін беру. 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген сайысқа биылғы жылы қатысушылар саны айтарлықтай артқан. 

ОРАЗКҮЛ ШАЙХЫҚЫЗЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Бұл біздің балаларымыздың рухани байлық алғанына кәміл сенеміз. Анталья қаласында болған осындай жан жақтан келген балалар арасында орынға ие болуы біздің 28 мектеп лицейіндегі мұғалімдерінің, мектеп басшысының үлкен жемісі. Өйткені ұстаздан шәкірт озар демекші ұстаздың жетпеген халықаралық жетістіктеріне оқушыларымыз жетіп отыр. Осындай жеңіске жетіп отырмыз. Сондықтан құтты болсын дейміз. 

Ата-аналар болса, балалары сайысқа түскенде қатты қобалжығандарын айтады. Өзге елде білім сайысына түскен перзенттерінің тілеулерін тілеп отырдық дейді. Жалпы шаһар намысын қорғауға барған таланттар әр пән бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленіп қайтты.  Ал 9-сыныптың оқушысы Абдуәлім Дәулеталин «Мистер Олимпиада» номинациясына ие болды. Осы ретте, Абдуәлімнің анасы жүзден жүйрік шыққан ұлының жетістігімен мақтанады. 

СӘУЛЕ ДӘУЛЕТАЛИНА – АТА-АНА - Балаларымызды қазір күтіп алып тұрмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Ата-ана баланың тәрбиесіне, баланың оқуына көңіл бөлсе сол баладан үміт күтіп отырмыз ғой енді. Ары қарай сол балалар біздің Қазақстан еліміздің азаматшасы болып шықса нұр үстіне нұр болады. Бірінші рет емес балаларымды халықаралық олимпиадаға жіберіп жатқаным. Оның алдында Англияға барып келген. Шет елдерді бағындырып жүрген балалар. Сондықтан бір Алладан сол балаларымыздың жетістігін, амандығын тілеп отырдық

Байқау қорытындысы бойынша Сымбат Смайлова мен Альтайыр Нариманов 1 және 3-орынды иеленді. Ал Жанасыл Жандосұлы екінші орынды қанжығасына байлады. Сайыста жеке бақ сынаудан өзге, командалық есепте сынға түкен оқушылар 1-орынды жеңіп алды. 

МӨЛДІР ЛЕСБАЙ – 9- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ - Қиыншылықтар болды түрлі-түрлі қарсыластар болды. Біз осы Олимпиада арқылы түрлі-түрлі сабақтар алдық. Келесі жылы тағы да келіп, орын алуға барлығымыз тырысамыз. 

ЖАНАСЫЛ ЖАНДОСҰЛЫ – 6 - СЫНЫП ОҚУШЫСЫ - Математикадан сәл қиындау есептер келген. Бірақ оны істедім. Ағылшыннан апаймен дайындалған сұрақтар келді. Келесі жылы дайындалып келіп, математика мен ағылшыннан бірінші орын алып келемін. 

Жалпы халықаралық жарысқа 5 мемлекетен, 56 мектеп қатысқан.  Осы жылы білім жарысын ұйымдастырушы тараппен арнайы меморандум түзілді. Ондағы мақсат мемлекеттердің білім саласындағы қарым-қатынасты нығайту.