Бір тәулікте 4 мыңдай науқас тіркелді. Ел іші қайтадан «қызыл аймаққа» өте бастады. Ауруханалар біртіндеп толып жатыр. Себебі соңғы аптада науқастар саны 40 пайызға көбейген. Ал, инфекциялық төсек орын жүктемесі де осы шамада. Бүгінде тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары ғана «жасыл аймақта» тұр. Жалпы өңірде пандемия басталғалы 7636 адамнан коронавирус індеті анықталған. Облыста 1200 төсек-орын ұйымдастырылса, тап қазір соның тең-жартысы толған. Тәуліктік өсім 1 пайыз.