Түркістан
EN

Түркі әлемінде 2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды

336
08.11.2022

Түркі әлемінде 2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Бұл туралы халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің 39-шы отырысында белгілі болды. Бауырлас елдердің мәдениет министрлері бұл шешімді бір ауыздан мақұлдады. Сондай-ақ қазақтың кино және театр актрисасы Бикен Римова мен қазақ әдебиетінде ерекше орны бар жазушы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойлары туыстас елдерде кең көлемде тойланады. Жиын барысында Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой жақын арада «Түркі халықтарының бірлігі күні» пайда болуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Түркі әлемінің мәдени астанасы Бурса қаласы эфтафетаны Әзербайжанның Шуша қаласына табыстайтын болды. Түркі әлеміндегі маңызды мәдени шаралардың басым бөлігі енді осы аймақта өтеді. Сондай-ақ мәдениет министрлері Қорқыт ата кинофестивалін келер жылы Шуда өткізу туралы шешім қабылдады.

МИРАС АСАН - ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл іс шарада бірнеше ұсыныс жасады. Ол ұсыныстардың барлығы түркі тілдес елдерден толық қолдау тапты. Солардың ішіндегі ең маңыздысы Қымыс фест фестивалі.