Жарық жиі сөніп қалады. Себебі бағаналардың тозығы жеткен. Бұл Бәйдібек ауданы халқының бүгінгі мәселесі. Осы ретте аудан әкімі ауылдарды аралап тұрғындардың жай күйімен танысты. Жүздесу барысында Боралдай ауылдық округіне арнайы ат басын бұрды. Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жетістіктерін бағамдады.
Боралдайлық тұрғындар базыналарын ашық айтты. Олар ауылдағы электр энергиясында мәселе барын жеткізді. Айтуларынша, жарықтың жиі сөнуі тұрғындардың құтын қашырған. Осы ретте, оны шешу жолын сұрады. Себебі айтылған сын ескертпелерден нәтиже шыққанын қалайды.
СЕГІЗХАН ОРЫНБАСАРОВ – ТҰРҒЫН - Осы айтылған сын ескертпелерге жауап болмай жатыр.. Біз қанша кездесеміз. Айтылған ескертелерді кім орындайды, қашан орындайды сол хабарланбай жатыр. Әйтпесе өзіңіз айтып осындай жұмыстар атқарылды деп.
Бүгінде округ бойынша 11 мектеп 1 өнер және саз мектебі бар. 2 балабақша жұмыс істейді. Мәдениет үйі мен кітапхана, орталық аурухана ауыл тұрғындарының игіліне қызмет етуде. Ал елді мекенге баратын жолдардың басым бөлігі мен көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
РАЯ БАЕТОВА – ТҰРҒЫН - Мынау мектеп салынад дегенге қуанып тұрмын. Өйткені сол мектепте істеп шықтым. Ол жерде өте жақсы. Бұрынғы мектебі мектептің интернаты есебінде салынады екен. тақта мен партаның арасына екі жарым метр болу керек. Санитарлық талапқа сай емес тұғын. Енді мектеп салынса барлық жағдай жасалынады әрине. Керемет мектеп болады деп біз қуанып жатырмыз.
Тұрғындардың сан сауалына ауылдық округ әкімі жауап берді. Ол күтуден басқа амал жоқтығын айтады. Себебі айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы тікелей қаржымен байланысты. Сондықтан бюджет мәселесін қарастыру керектігін жеткізді.
АСЫЛХАН ТОҚТАМЫСОВ – БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ - Кездесуде барлықтарыңыз емін еркін ұсыныс-пікірлеріңізді айтып жатсыздар. Оның ішінде де орындалатыны болады. Оның ішінде мерзімі барлар болады. тұрақтысы болады. сондықтан ол ұсыныс пікірлердің барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Осы жерде айтылған ұсыныс пікірлердің барлығын жинақтап, қаржы қойып шешіп тастау деген аудан бюджеті де өте үлкен қомақты емес.
Жиында ауыл тұрғындары тарапынан көше бойына камера орнату керектігі айтылды. Сондай ақ, медицина саласы мен басқа да әлеуметтік мәселелер сөз болды. Айта кетсек, аталған ауылдық округте осы жылы 300 орындық мейрамхана мен сауда үйі, шағын спорт кешенін пайдалануға беру жоспарда бар.