Министрлер салықтарын төлемеген. PROTENGE телеграмм арнасы үкіметте отырғандардың 3 қазанға дейін төлеуі тиіс мүлік пен көлік салығы бойынша қарыздарын тексеріп көрген. Сөйтсе, 3 министр салықтарын уақытында төлемеген болып шықты. Бір қызығы салық жинау жұмысына жауап беретін Қазақстанның қаржы министрі, ұлттық экономика министрі де бұл қатарда бар. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 62 661 теңге, ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровта бюджетке 373,5 теңге қарыз. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты салық бойынша мемлекетке берешегі 134 мың теңге болса, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың көлік және мүлік салығы бойынша қарыздары жоқ. Алайда, 9 теңге төленбеген өсімпұлы бары анықталған.