Қазақстандық оқушылар қайтадан қашықтан оқу жүйесіне ауысуы мүмкін. Оған себеп- елімізде Жіті Респираторлық Вирустық Инфекция мен тұмаудың кең таралуы. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды. Ресми мәліметке сәйкес, эпидемиологиялық маусым басталғалы аталған инфекцияны 765 мыңға жуық адам жұқтырса, тағы 500-ден астамы тұмауға шалдыққан. Дегенмен Түркістан облысында аталған инфекцияға шалдыққандар жоқ,-дейді мамандар. Толығырақ тілші матреиалында.
Бүгінде Қазақстан бойынша 800 мыңға жуық адам ЖРВИ жұқтырған. Науқастардың жартысынан көбі – балалар. Сол себепті Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ РОЗА ҚОЖАПОВА: “Сырқаттардың саны өскен жағдайда, егер сыныпта бір инкубациялық кезеңде 30% немесе одан да көп бала ауырса, мұндай жағдайда сабақ онлайн-форматқа ауыстырылады.”
Статистикалық мәліметке сай вирустың таралу қаупі жоғары кезеңде елде әрбір 10-шы ересек адам мен әрбір 3-бала ауруға шалдығады.
Дәрігерлер мұндай кезде бірден медициналық қызметке жүгінуді қатаң ескертеді.
Аурудан қорғанудың тағы бір жолы – вакцина. Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы 2 млн-ға жуық адам немесе республиканың жалпы халқының 9,5% егілді. Ал Түркістан облысында бүгінгі күнге екпе алға тиіс адамдардың 95%-ы вакцина алып үлгерген.
304 000 доза көлемде «Гриппол+» вакцинасы сатып алынды. Бұл вакцина көлемімен облыс халқының тиісті контингентін 15% вакцинациялау жоспарланған. Бүгінгі күнге егуге жататын контингенттің 289 362 (95%) вакцинацияланды, оның ішінде екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер саны – 13 562, балалар – 88 489, медициналық қызметкерлер – 24 165 және ересектер – 163 146.
Жауаптылардың айтуы бойынша аймақтың медициналық ұйымдары жіті респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы қолданылатын дәрілік заттармен және симптоматикалық препараттармен толық қамтылған.