Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Жиында ақпарат айдынында жүрген жандарды алаңдатқан мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды. Соның бірі журналист мәртебесін көтеру. Министр өз кезегінде келесі жылы БАҚ өкілдерінің жалақысы 30 пайызға артатын айтты. Сондай-ақ блогер мен кәсіби тілшілерге қатысты бірқатар заңдар үкіметке жолданып, жүзеге асыру жолдары қарастырылатынын жеткізді.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ – ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ - Біз биыл отандық БАҚ-қа қатысты бірқатар заң жобаларын әзірледік. Ол қазір үкіметтің қарауында...