Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірнеше нысандарды аралады. Әкімшілік-іскерлік орталықтағы тұрғын үйлердің құрылыс барысы мен жылу қазандығының жай-күйімен танысты. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланы жылумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Бұдан соң, аймақ басшысы Кеңсай-Қосқорған2 су қоймасына барды. Су қойманың құрылысына қатысты жауапты басшылар мен мамандарға жобаны жүйелі аяқтауды жүктеді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды алдымен жаңа қала аумағындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысы және жылу қазандығының жай-күйімен танысты. Қалада жылу маусымы 27 қазаннан басталды. Түркістанда 127 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның 14-і осы әкімшілік іскерлік орталықта. Жаңа қалада орналасқан қуаты – 9,1 МВт №1 қазандық 12 қабатты 15 тұрғын үйді жылумен қамтиды.
Жылу саласына жауапты мамандармен пікір алмасқан Дархан Сатыбалды тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, жылуды үздіксіз беру жөнінде мықтап тапсырды. Қазандыққа қатысты мәселелер туындаса, жедел шешуге қолдау көрсететінін жеткізді.
Өңір басшысы облыс орталығындағы Жылу мекемесінде де болды. Орталық 2009 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. Мұнда жылыту қазандықтары көмірмен емес, газбен жұмыс істейді. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны І және 2 мөлтек аудандардағы 75 көпқабатты үйге жылу береді. Бұдан бөлек, 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік, 52 жер телімді тұрғын үйлер де осы мекемеге қарайды.
Сондай-ақ, өңір басшысы сыйымдылығы 18 млн текше метр болатын Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасына барып, оның жай-күйімен танысты. Қойма шаһардағы ағын су мәселесін оңтайлы шешуде. Мұнда таудағы қар еріп, нөсерлі жауын-шашын кезінде су қоры жиналады. Қарасу өзенінің суын сақтауға арналған қойма өңірдегі су тасқыны қаупін азайтады. Шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығындағы ғимараттарды толық таза ауыз сумен қамтиды.
Әкім су қойманың құрылысына қатысты жауапты басшылар мен мамандарға жобаны жүйелі аяқтауды жүктеді. одан кейін, еркін экономикалық аймаққа табан тіреп, жұмысымен танысты.