«Shell Nxplorers» халықаралық деңгейдегі инновациялық білім беру бағдарламасы алғаш рет Түркістанда.Бүгін өңірдің түкпір түкпірінен жиналған 60-тан астам мұғалім Назарбаев атындағы зияткерлік мектепте бас қосты. Жиында жаратылыстану бағытында білім беретін педагогтар күнделікті өмірдегі проблемаларды шешу мақсатында арнайы құралдар мен әдістемелерді үйренеді.Сондай-ақ,жаһандық маңызы бар энергетика, азық-түлік/су/медицина/ауыл шаруашылығы саласындағы кешенді мәселелерді шешу жолдарын талқылайды.
БАЛҚАН ҚАСЫМОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ - Бүгін Түркістан мұғалімдеріне арнап тренинг өткізіп жатыр. Бұл мұғалімдер үшін үлкен бір бақытты сәт.тренинг нәтижесінде мұғалімдердің көзқарасы өзгереді.Энергияға деген көзқарасы өзгереді.Сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді.Бүгінгі алған білімдерінің бәрін ары қарай болашақта оқушыларға жеткізеді деген ойдамын.
Айта кетейік,Шелл Қазақстан компаниясы 2018 жылдан бері еліміздегі 5 зияткерлік мектепке күнннен қуат алатын алаңшалар салуды қолға алған. Онда оқушылар сабақтар өтіп,ғылыми жобалармен айналысады. Әрі күннен қуат алатын панельдер мектептің 20 пайыз энергиясын үнемдеуге қауқарлы екен.Осы жолы бұл ігі іс Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын таппақ. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталып, келесі жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.