Ирактың Насирия қаласында аурухана өртке оранып, 50 ден аса адам мерт болды. Тағы 20 кісі жараланған. Қайғылы оқиға короновирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін ауруханада болған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, тілсіз жау оттегі балондарының жарылуынан шыққан көрінеді. Індет жұқтырғандар жататын палатадан басталған қызыл жалын бүкіл ғимаратқа тарап үлгерген. Осылайша біршама адам сыртқа шыға алмай, іште қамалып қалған. Қазір провинцияда төтенше жағдай режимі жарияланды. Мамандардың айтуынша, өрттен көз жұмғандар саны артуы мүмкін. Себебі көптеген науқастар із-түзсіз жоғалып кеткен.