Иордания астанасы Амман қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшылары құрлықтық доданының алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады. 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап сынға түскен Серік Теміржанов түркменстандық Ихлас Гылычжановты ойсырата жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 63 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды. Ол өзбек құрамасының боксшысы Руслан Абдуллаевтан 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Ал, Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Сәкен Бибосынов пен үндістандық Кумар Спарш арасындағы жекпе-жекте айқын басымдықпен жерлесіміз жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында құрлықтық бәсекеде жалпы 24 салмақ дәрежесінде спортшылармыз бақ сынауда. Олардың 13 ерлер, 11 әйелдер. 3 қараша күні шаршы алаңда отандасымыз Назым Қызайбай таиландтық Раксат Чутхаматпен жұдырық түйістіреді.