Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарған

220
04.11.2022 03:41

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен өткен алқа отырысында халықтың денсаулығын нығайту, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы әзірленіп бекітілген. Ұлттық жобаға сәйкес, Түркістан облысы бойынша ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға 49 нысан салу ұсынылып, қолдау тапты. Одан бөлек, 2023 жылға жоспарланған 4 аудандық аурухананы қайта көпбейінді ауданаралық аурухана етіп қайта құру үшін денсаулық сақтау желісіне өзгерістер енгізілуде.