Түркістан
EN

Театр әртістері футболдан бақ сынады

16
16.11.2026

Түркістанда театр әртістері футбол алаңында бас қосты. Дәстүрлі турнирге өңірлерден 11 команда жиналып, 150-ге жуық адам қатысты. Спорттық сайыс театр ұжымдары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.

Футбол турниріне Қызылорда облысы, Шымкент қаласы мен Түркістан өңірінің театр өнерпаздары қатысты. 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарыс жыл сайын әр қалада өтеді. Ала доптың биылғы аламанын Түркістанда өткізу туралы бастаманы «Конгресс Холл» көпсалалы кешені көтерген. Қатысушылардың айтуынша, мұндай кездесулер әртістердің өзара тәжірибе алмасуына да мүмкіндік береді.

 ҚАЙСАР АХМЕТОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ 

Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, барлығы жақсы. Бұл жерде енді тек қана ойын емес, бастысы жан-жақтағы театрлардың бірігіп, бірге бір дастарханда отырып ақылдасуы, арласуы, сыйласуы сияқты үлкен ынтымақтастықтың бір белгісі ғой. Аллаға шүкір, бәрі жақсы, турнирде тек мықтылар жеңсін деймін.