Түркістан
EN

Тоғыз ай ішінде 941 бала кешкі мектепке ауысқан

15
16.11.2026

Елімізде соңғы тоғыз айдың ішінде 941 оқушы кешкі мектепке ауыстырылған. Тексеру нәтижесінде кейбір ата-аналардың балаларын үй шаруасына жегіп, кішкентай балаларына қарау үшін осындай қадамға баратыны анықталды. Бүгінде республика бойынша 40 кешкі мектеп жұмыс істейді. Бұл саладағы  олқылықтардың алдын алу үшін Оқу-ағарту министрлігіне мәселені реттейтін арнайы бұйрық қабылдауды жеделдету ұсынылды.

ДИНАРА ЗӘКИЕВА – ҚҰРЫЛТАЙ ТӨРАҒА

«Тексеру барысында кейбір балалардың үй шаруасына көмектесу немесе балаларына қарау мақсатында ата-аналардың талабы бойынша кешкі мектепке ауыстырған жағдайлары анықталды. Кейбір мектептер балаға қажетті қолдау көрсетудің орнына, «онымен жұмыс істеу қиын» деп, кешкі мектепке ауыстыра салады. Бұл балаларға қауіп төндіреді»

Құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуын талқылауға арналған Үкімет сағатында осы және өзге де маңызды мәселелер көтерілді. Бүгінде елімізде 7 миллионға жуық бала бар, бұл – халықтың үштен бірі. Олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соңғы бес жылда 1000-нан астам жаңа мектеп салынып, «Келешек мектептері» жобасы мен «Келешек» жүйесі енгізілді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биылдың өзінде кәмілет жасынан толмаған балалардың есепшотына  902 миллион АҚШ доллары аударылды. Сондай-ақ 54 оңалту орталығы ашылып, балалардың құқығын қорғауға қатысты 11 заң қабылданды.