Түркістан
EN

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең бақытты жас буын деп танылды

14
16.11.2026

 Қазақстандық оқушылар әлемдегі 83 елдің ішінде ең бақытты жас буын деп танылды. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, елдегі жасөспірімдер өміріне қанағаттану деңгейі бойынша бірінші орынға табан тіреген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы Үкімет сағатында айтты. Министрдің сөзінше, оқушылар арасындағы буллинг деңгейі де өзге елдермен салыстырғанда төмен. Анығын айтсақ, бұл көрсеткіш елімізде 9 пайыз, ал шет мемлекеттерде 20 пайызды көрсеткен. Бұдан бөлек, педагог-психологтарға «Жеке қауіпсіздік» дәрісін өткізу үшін оқу жүктемесі бөлінген. Дегенмен, мектептердегі психологиялық қолдау инфрақұрылымын жетілдіру қажеттілігі әлі де бар. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының тек 41 пайызында ғана педагог-психологтарға арналған жабдықталған жеке кабинеттер жасақталған.