Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі “Turkistan Media Holding» жұмысымен танысты

484
03.11.2022

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Түркістан Медиа Холдингке» арнайы ат басын бұрып, телеарнаның тыныс-тіршілігімен танысты. Өңір басшысы телеарна ашылған 1,5 жыл уақытта атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.  Тақырыпты тілшіміз тарқатады. 

Алатау медиа орталығына алғаш рет бас сұғып тұрған облыс басшысы бірінші ӨКҚ-нің брифинг залымен танысты. Одан әрі ол, телеарна жүрегі саналатын жаңалықтар қызметінің жұмыс барысына көріп, арна тілшіліренің жұмысына сәттілік тіледі. 

Жалпы, Түркістан телеарнасы үшін барыс жылы табысты болып отыр. Республика аумағына хабар тарататын арна «Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауында оза шауып, «Үздік аймақтық телеарна» деп танылды. Облыс көлемінде өзге аймақтық телеарналар арасынан суырылып алға шығып, «Алтын микрофон» сыйлығын жеңіп алды. Телеарна қызметкерлері облыстық және республикалық спорттық додаларда да топ жарып жүр. Телеарнаға арнайы келген аймақ басшысы ұжымды жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта түркі әлеміне ортақ халықаралық телеарна атануына тілек білдірді.

Аймақ басшысы телеарна халық пен билік арасындағы алтын көпір болуы керек дей келе, журналистердің сыни материалдар дайындауын құп көретінін атап өтті. Сонда ғана халықтың бұқаралық ақпарат құралына деген сенімі артпақ. Сондай-ақ ол жаңа радио ашу жоспарын қолдайтындығын жеткізді.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Радио бізге керек. Сондықтан біздің тарапымыздан кез-келген көмек көрсетуге дайынбыз...

Айта кетейік, Дархан Сатыбалды телеарнамызда алғаш рет. Заманауи технологиямен жабдықталған арна өңір басшысының көңілінен шықты. Сондықтан облыс әкімі алдағы уақытта аймақтың айнасына айналған медиа холдингтің өсіп-өркендеуі үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.