Түркістан
EN

Оралда жауған қардан 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды

96
03.11.2022

Оралда жауған алғашқы қар тұрғындарды әбігерге салды. Ақ ұлпа электр желісін зақымдап, 6300-ден астам абонент жарықсыз қалған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, қазір шаһарда апатты жою үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Жағдайдың қашан қалпына келері белгісіз. Айта кетейік облыста электр желісінің 80% әбден тозған. Ал коммуналдық қызмет көше жолдарын қардан тазалап үлгерер емес. Қала әкімдігінің хабарлауынша, коммуналдық мекемедегі 300-ге жуық адам мен 180 техника тазалық жұмыстарына тартылған.