Түркістан
EN

Қайрат Сатыбалды шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салған

97
03.11.2022

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл жолы елге асыл тастар мен зергерлік бұйымдар қайтарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алыс шетелдерден оған тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге әкелінді. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салғаны анықталды. Бұл қыруар қаржы жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз шығарылған капиталды іздеу және елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.