Түркістан
EN

Көршілес елдерде індет дендеп барады

66
14.07.2021

Көршілес Ресейде де індет дендеп барады. Бір тәулікте шаһарда 2 мың науқас анықталып, жүзден аса адам коронавирустан қайтыс болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өлім-жітімнің артуы мен аптап ыстық салдарынан қаладағы крематорий жұмысында қиындықтар туындаған. Ресейде індеттің үшінші толқыны қарқын алып жатқан кезде елдің ондаған аймағында халыққа вакцина алуды міндеттейтін ереже енгізіліп жатыр. Сауалнама қорытындысына сүйенсек, вакцина алуға ықылас білдірген Ресей азаматтарының саны 30 пайыздан аспайды. Себебі жұрттың көбі вакцинация процесіне, үкімет пен отандық вакцинаға сенбейді.