Түркістан
EN

Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі

224
02.11.2022

«Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі». Сүйінші хабарды бүгінгі Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау барысында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жеткізді. Еліміздің бас педагогы сәйкесінше тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ - ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Балабақшалардың сапасына тоқталсақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы өседі».