Соңғы жылдары Отырар ауданында ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып келеді. Статистканы сөйлетсек ауданда мал басы артып, егістік көлемі ұлғайған. Шаруларға керекті техникаларда жаңарып, ілгерілеушілік бар. Бұл осы жыл ұйымдастырылған Алтын күз мерекесінде анық байқалды.
Шәуілдір ауылында өткен бұл шараға, аудандағы озық шаруа қожалықтары шақыртылған. Олар жаз бойы еткен еңбегінің жемісін көппен бөлісті. Аталған шара ерте көктемнен қара күзге дейін талмай еңбек еткен шаруалардың жыл қорытындысы десек те болады. Жәрмеңкеде 18-ге жуық техника, ауыл шаруашылығының өнімдері қойылып, нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынды.
3 сағатқа созылған шараның шымылдығы Мәдениет сарайының өнерпаздары мен мың бұралған бишілердің өнерімен ашылды. Ал аудан әкімі әкімі Сәкен Сұлтанханов жоғары дәрежеге қол жеткізген шаруаларды марапаттап, қамба астыққа толды дейді.