Түркістан
EN

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

324
01.11.2022

Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұған дейін бұл орында болған  Ұлан Тәжібаев  басқа жұмысқа ауысты. Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.  2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне енген. Ол бұған дейін  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ұлыбританияның Рединг университетін, Кореяның Аджу университетін тәмамдаған.