Түркістан облысында мың томнан тұратын қаржы пирамидасы ісі бойынша 25 адам сотталса, әлі де қаржылық пирамиданың құрығына ілінгендер азаймай тұр. Әлеуметтік желі көмегімен құрылған «ТЕСКССТАТ» атты Қытайлық қаржылық пирамида бар. Экономикалық тергеп тексеру департаменті ақ халатты абзал жандарға абай болуды ескертті. Жымысқы жүйе жайлы тілшіміз Айдос Игіліковтің бейнематериалында.
Ватсап пен Телеграмның көмегімен құрылған «ТЕСКСТАТ» атты Қытайлық қаржылық пирамида пайда болған. Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері оның құрығына түсіп қалғандар саны күннен күнге көбейуде дейді. Жымысқы жүйе құрып, оны басқарғандарды ұстау мүмкін болмаса да, алдын алу шаралары жүргізуге болады екен. Емханада өткен жиын осының дәлелі.