Түркістанда алғаш рет «Тұран барысы» Азия Кубогы өтті. Ұлттық спортты дамыту мақсатында өткізілген дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттерінің ең мықты балуандары қатысты. Олардың арасында қазақ күресімен қоса дзюдодан, самбо мен кураштан халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылар бар.
Ұлттық күреске түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері қатысты. Атап айтқанда, Түркия, Өзбекстан мен Әзірбайжан балуандары бар. Сондай ақ, Қырғызстан, Мажарстан, Қазақстан елінің батырлары да белдесті. Дүбірлі сынның ашылуына еліміздің мәдениет және спорт министрі арнайы қатысты.
ДӘУРЕН АБАЕВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ - Біздің ата-бабаларымыз күресті ерекше құрметтеген соның арқасында біз ынтымақтастықты одан әрі жаңа деңгейге көтереміз деп мен сенемін. Кубок құтты болсын! Ең мықтылары жеңіске жетсін.
Халықаралық жарыста жеті елден келген балуандар 7 салмақта сынға түсті. Сайыста облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Халықаралық турнир әрқашан да осы қатысушылардың шеберлік деңгейін арттырады. Себебі бұлар тәжірибе алмасады. Осындағы көрермендердің, халықтың арасында біздің салауатты өмәір сүруін насихаттауға үлкен үлесін қосады. Бүгінгі мына туринирде әділдік болсын, мықтылар жеңіске жете берсін.
Дүбірлі сында балуандар қос тарапқа бөлініп, айналмалы жүйеде күресті. Екі топтан Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан құрамы командалары жүлделі орындарға таласты. Бұл жолы өткізіліп отырған ұлттық күрестің ережесіне біршама өзгерістер енген.
ПАЗЫЛБЕК ҚАЙРАТ – «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ - Бұл жарыстың мақсаты ең бірінші мақсаты қазақ күресін халықаралық деңгейде әлемдік деңгейде дамыту . біз соған қазақстан ассосация болып бірініп жұмыс істеп жатырмыз. 01/38 бірақ біздің соңғы кезі бір екі ережеміз өзгерді. Барлығын жинап семинар өткіздік. Барлық спортшыларға барлығын таныстырдық. Өзгерген ережені айттық.
Сайыс нәтижесі бойынша, қырғыз өрендері қола жүлдені иеленді. Ал ақтық айқас Өзбекстан мен еліміздің балуандары арасында өтті. Нәтижесінде, 4:3 есебімен Қазақстан құрамасы «Тұран барысы» додасының жеңімпазы атанды.
АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК – «TURAN BARYSY» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ - Ойын өте тартысты дода болды. Тұран барысы Азия кубогы ойдағыдай. Қазақстан Республикасының жеімпазы атандық. Абыроймен намысты қолдан бермедік. Қрасыластар өте мықты, финал өте тартысты өтті. Өзбекстан құрамасы көршілес мемлекет рақмет айтамын. Тартысты жарыс болды. 4:3 есебімен жеңіске жеттік.
Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында бірінші орын отандастарымызға 10 млн теңге көлемінде арнайы сертификат берілді. Ал екінші орынға – 6, үшінші орынға 4 млн теңге қаржылай сыйлық табысталды.