20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына қызу дайындық жүріп жатыр. Бүгінде саяси науқанға Түркістан облысында 919 сайлау учаскесі дайын. Аймақтың әрбір тұрғыны өзі тұратын мекендегі сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады. Өз учаскеңізді қалай анықтайсыз?Сайлаушылардың саны қанша? Толығырақ тілші бейнематериалы.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енген. Оның ішінде Түркістан облысының сайлаушылар саны 1 165 869 көрсетеді. Алайда, бұл сандар өзгеруі де мүмкін. Осыған орай қазір нақтылау жұмыстары жүріп жатыр. Ол 30-қазанда белгілі болады. Ал, дауыс беретін өз учаскеңізді арнайы сайтқа кіріп, жеке куәліктегі ЖСН нөмірін теру арқылы анықтай аласыз.
Өңірде барлығы 919 сайлау орыны бар. Оның 26-сы жабық сайлау учаскелері. Яғни,ол әскери бөлімдермен тергеу изоляторындағы және шипажайлармен ауруханадағы сайлаушыларға арналған.Сондай-ақ,үйінен шыға алмайтын, жүріп тұруы қиын азаматтар алдын ала үйден дауыс беруге өтініш жазуы керек. Қазір облыс бойынша олардың саны 11 мыңға жуық.
Сайлау учаскесі туралы қажетті ақпаратты Telegram мессенджеріндегі арнайы бот арқылы да білуге болады.Сонымен қатар, қосымша сұрақтар болған жағдайда 109 Call-орталығы кез келген уақытта тәулік бойы сізге ақпарат береді.