Ақтөбе қаласында екі азаматты айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды. Қазір тоғыз адам ұсталып, қамауға алынған. Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысы Елек өзенінің жағасынан екі адамның мәйіті табылған еді. Олардың денесінде азаптау белгілері болған. Жантүршігерлік жайт туралы хабар полицияға кеше түскен. Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру немесе өлтіру» бойынша іс қозғалды. Аталған бапта көзделген қылмыс үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.