Түркістанда 8-сынып оқушылары шыны аялдаманы сындырып кеткен. Оны әуелі қала тұрғындары көріп, әлеуметтік желіге видеосын жүктепті. Аталған жағдай бойынша, тәртіп сақшылары көшеде ойнап жүріп, аялдаманы таспен сындырған 5 жасөспірімді анықтады. Барлығы мектеп оқушылары. Олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданған.