Түркістандық педагогтер өзара сынға түсті. Бәйдібек ауданына қарасты Сарқырама елді мекенінде «Үздік педагог – 2022» байқауы өтті. Ұстаздардың мәртебесін көтеру басты міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі» туралы Заң қолданысқа енген күннен бастап олардың әдістемелік деңгейін жетілдіру бойынша түрлі жұмыстар жүргізілуде. Аталған шара да осы заң аясында жүзеге асқан.
Педагогтердің мәртебесін көтеруге арналған тартысты додаға 10 үміткер қатысты. Олар 2 кезең бойынша сынға түсті. Алғашқысы өзін – өзі таныстыру. Онда үміткер өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қызметіндегі жетістігіне тоқталатын болады. Екінші кезек шығармашылық жұмыспен байланысты.
ГҮЛНАР БӨПЕЕВА – БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ - Байқаудың мақсаты осы Бәйдібек аудандық білім беру бөліміне қарасты мектептердің педагогтерінің мәртебесін көтеру. Идеяларын қалыптастыру. Rонкурс өте тартысты, қызықты түрде болды.
Сайысқа қатысқан үміткерлердің ішінде 3 ұстаз үздік деп танылды. Қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі бірінші орынды иеленсе, биология саласындағы педагог 2 орынды қанжығасына байлады. Ал орыс тілі әдебиеті пәніне дәріс беретін оқытушы үшінші орынды місе тұтты. Оларға 100-200 мың теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды.
СӘУЛЕ АСАНҚЫЗЫ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ - Ұстаздық деген ұлы міндет қой. Осы міндетті өтедім деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға мың алғыс. Өте қатты толқып тұрмын. Осындай жарыстар көп болсын. Мерекеміз құтты болсын. Әрдайым ұстаз мәртебесін асқақтатып отырған сіздерег мың алғыс. Әділқазылар алқаы еңбегімді адалынан бағалап, бірінші орын беріп отыр. Ол кісілерге де ризашылығым шексіз. 00/39
Байқау ұлт жанашыры болған Оңғар Ормановтың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Ардагер жауынгердің немересі барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпат жасады.