Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Мереке қарсаңында базардағы мал мен азық-түлік бағасы шарықтайтыны белгілі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге бағаны шарықтатпауды айтып, үндеу жолдады. Ал жауаптылар болса, биылғы елдегі жұт пен қуаңшылық тағы да азық-түлік бағасының қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін дейді. Қазір базардағы баға қандай? Оны тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолға алынған? Нұртілеу Анарбайдың репортажы.