Түркістан
EN

Нар тұлға Нұртас Оңдасыновтың жаңа әнінің тұсаукесері

268
27.10.2022

Ел тарихында еңбек жолын қарапайым орман шаруашылығының қызметкері болып бастап, Үкімет басшысы ретінде мойындалған таутұлға бар. Ол – Нұртас Оңдасынов. Түркістанның тумасы. Қазақ Кеңесі Халық Комиссариатының, Қазақ Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы. Аты ардақты азаматтың жүріп өткен жолы кез-келген жасқа үлгі болуға тұрарлық. Осыны көкейге берік тоқыған түркістандықтар нартұлғаның 118 жылдық мерейтойына орай су жаңа әннің тұсауы кесті. 

Нұртас Дәндібайұлы Кеңес заманында 13 жыл бойы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған. Ал соғыс жылдары әдебиет, өнер ғылымды назардан тыс қалдырмаған. Мектеп санын көбейту басты мақсаты еді. Саналы ғұмырында адалдық пен әділдікті ту етіп көтерген Нар Тұлғалы Нұртас Оңдасыновты ел осы қасиеті үшін ардақтайды. Осы еңбегі үшін оның есімі тарих тақтасында алтын әріппен қалды. Бүгінгі шараны асыға күткендердің бірі Алматылық Бурабай Нысанбек. Оңдасыновты өз көзімен көргендердің бірі.