Түркістан
EN

Мақта бағасы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы сұхбат берді

210
27.10.2022

Еңбегіміз еш кетпесін! Мақташылардың мәселесі  Билік пен бұқара бағдарламасында талқыланды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов оның себебін түсіндірді. Айтуынша, баға тек былтыр ғана 320 теңге болғанын айтады. әйтпесе, бұған дейін 7-8 жыл бойы 130 бен 180 теңгеге саудаланған. Былтыр бағаның қымбат болуына Үндістан мен Пәкістандағы су тасқыны және әлемді шарлаған індет әсер еткен.

Шаруалар былтыр 68 мың тонна шикізатты шетелге экорпорттаған. Түркия, Ресей, арысы Еуропаға дейін жөнелткен.  Тек, 18 мың тонна ғана өзімізде қалыпты.    Сол былтырғы бағаға сеніп, диқандар биыл да сондай пайдаға кенелеміз деп ойласа керекті. Өнімді көп егіпті. Ал, биыл әлемде жағдай біршама тұрақталды. Сондықтан сыртқы нарықта сұраныс аз болған соң мақта арзандап кеткен.