Түркістан
EN

Түркістанда студенттер арасында патриоттық әндер сайысы өтті

213
26.10.2022

Түркістан қаласында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға облыс орталығында біліп алып жүрген колледж студенттері қатысты. ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында өткен іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйытқы болды.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, рәміздерімізді ұлықтау мақсатында өткен патриоттық әндер байқауына студенттер жақсы дайындықпен келген. Мұндай сайыс жастардың мәдени, рухани деңгейін арттырып қана қоймай, өз елінің рухты перзенттері екендіктерін көрсетеді. 

Ән айтумен 7 жылдан бері айналысып келе жатқан Ақәділ есімді қатысушы бүгінгі сайысқа тыңғылықты дайындалып келе алмағандығын жасырып қалмады. Қазіргі таңда оқитын мамандығы IT саласында болғанымен,  талай сайыста топ жарып жүрген студент көрермендерді өз өнерімен баурап алды. 

Екі кезең бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермендерге рухани демалыс сыйлап, елді рухтандырған жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Облыста өтетін байқауға 

"Туркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің студенті Ақәділ Бауыржанұлы жолдама алды.