Түркістанда Республика күнінде жаңа дарын мектебінің ашылу салтанаты болды. Іс шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев арнайы келді. Бүгінде жаңадан ашылған білім ордасы 500 орынға арналған, 70 мектеп қызметкерлері бар. 2 қабаттан тұратын балаларды оқытуға арналған ғимаратта бастауыш сынып оқушылары білім алмақ. Құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған білім ордасына бүгінде ата-аналар балаларын оқытуда. Соның бір Түркістандық Салтанат есімді ана. Бүгінде қызы Еркеназ 4-сыныпта оқиды.