Түркістан
EN

Түркістан облысында жиһаз жасау өндірісі дамып келеді

298
22.10.2022

Түркістанда жиһаз жасау өндіріс дамып келеді. Сауран ауданында өңірге танымал кәсіпорын бар. Ашылғанына 3 жыл болған цех қазір 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде отандық өнімге еліміздегі 14 ауданнан тапсырыстар түседі екен. 

Айзада Ессалиева Түркістан қаласының тумасы. Қолы істегі келіншек тігін саласына келгеніне 10 жыл болған. Сондай-ақ бұл мекемеге келмей тұрып кішігірім тігін шеберханаларда жұмыс істепті. Бүгінде ол өндірістегі дайын орындық бетіне салынатын өрнектерді  тігумен айналысады. Іскер әйел тігін қызметі жылдамдық пен сабырлықты талап етеді дейді.

АЙЗАДА ЕССАЛИЕВА - ТІГІНШІ - Басында келгенде мен өзім бір өзім ғана еді тігінші. Қазір міне құдайға шүкір көбейді. Қазір тігіншіде жиырмадан аса қыздар бар. Келген адамға бірінші үйретеміз қалай тігуді. Сосын ары қарай өзі алып кетеді.

Одан бөлек өндіріс қызметкерлері ай сайын түскен табысының 1 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды екен. Сондай-ақ мекеменің басты мақсаты жұмыссыздықты болдырмау, яғни алдағы уақытта жұмысшыларды 150-ге жеткізу. 

ШАХИСТА ДЖАЛИЛОВА - БАС ЕСЕПШІ - Біздің алдымызға қойған мақсатымыз алдағы уақытта отандық  өнімді әлемге таныту. Екіншіден жұмыскерлерді жұмыспен қамту. Жұмыссыздық болмаса дейміз. 

Бүгінде кәсіпорын Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерімен келісімшарт жүргізбек. Сондай-ақ маман қолданылатын шикізаттар Түркия мен Ресейден келеді дейді. Айтуынша брендтің танылуы жихаздың дизайнына қосылған қазақы ою-өрнектер мен өнімнің сапалы болуында екен.