Түркістан облысында жүк көлігіне соқтығысқан автокөлік түгі қалмай жанып кетті. Оқиға күндіз сағат 10:30 шамасында болған. Жапондық көлік Түркістан бағытына келе жатып, «Mersedes Bens» маркалы жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысқан. Көлік сол жерде өртеніп, «Nissan» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал 1 жолаушы ауруханаға жатқызылған. Аталған жайт қылмыстық кодекстің 345-бабы іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған. Екі автокөлікте айыптұраққа қойылды.