Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсететін жерлестеріміз қазір лицензиялық турнирлерге дайындық жасауда. Түркістан облыстық су спортынан олимпадалық мектепті басқарып отырған білікті басшы Денис Жәрменов олимпиада қарсаңында әрбір күндегі жұмыс нәтижесін қатаң бақылауға алыпты.
ДЕНИС ЖӘРМЕНОВ — ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ - АУДАРМА: Менің жүзу академиясына берер бағам оң. Әлбетте, қыруар жұмысты талап ететін жайттар бар. Жас ұрпақпен жұмыс істеу аса маңызды. Себебі, өйтпеген жағдайда, біздің спортшылар арасында бәсекеге қабілеттілік мүлдем болмайды. Барлық әдіскерлерге осы бағытта жұмыс істеуді тапсырамын.
Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген байдарка және каноэда ескек есу спорты мен академиялық байдарка, желкен спорты және параканоэ, триатлон спортының тәжірибелі бапкерлері жиналған басқосуда келесі жылдың маусымында өтетін түрлі жарыстарға дайындықтар пысықталды. Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Түркістан облысының су спорты федерациясының президенті Денис Қасымұлы еліміздегі спорт түрлерінің дамуы мен халықаралық деңгейдегі жарыстарға, лицензиялық турнирлерге жоғары деңгейдегі оқу-жаттығу жұмыстарды талқылады. Спорт нәтижелер бойынша әдіскерлер жылдық маусымдағы жетістіктерді жеткізді. Басқосуда спорт мамандары 2023 жылы өтетін Азия ойындарының квалификациялық іріктеу сайыстарын талқылады. Бұл іріктеу жарысы кезекті жазғы Париж олимпиада ойындарынна жолдама беретін жауапты дода. Жиынды қорытындылаған Денис Жәрменов жаттықтырушылар құрамасының жұмысына жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, жақсы нәтижеге жеткен түркістандық жеңімпаз спортшыларға алғыс айтып, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.