Түркістан
EN

Шымкент қаласында Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы аталып өтті

86
21.10.2022

Шымкент қаласында Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы аталып өтті. Салтанатты шарада қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мегаполистің көркеуйіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға қандай құрмет көрсетсекте жарасады дейді жұрт. Бүгінгі жиынның басты мақсаты өскелең ұрпаққа оның еңбектерін дәріптеу болатын. Толығырақ тілші бейнематериялында. 

Салтанатты Шарада Асанбай Асқаровтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Оның әсіресе осы Шымкент қаласының көркеюуіне қосқан еңбегі орасан. Өзінің білімділігімен іскерлігінің арқасында  қала тұрғындарының жайлы өмір сүрулеріне мол септігін тигізген тұлға. Оның ел үшін батыл шешім қабылдауы әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге үлгі деді жиналғандар.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай конференция өтті. Жиында Қоғам қайраткерінің еңбек жолы мен, атқарған шаруалары жайлы баяндалды. Шахардың тек гүлденуіне ғана емес, экономикасынада қосқан еңбектері айтылды. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов оның мемлекеттік қызметпен қатар, шығармашылық қабілеттерінің өзі бір төбе болатын дейді.

Қорыта айтқанда ел үшін жасалған еңбек ескерусіз қалмасы анық. Асанбай Асқаровтың  қазақ еліне жасаған қызметі ұлт жадында мәңгі сақталмақ.