Түркістан
EN

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыс өтті

90
21.10.2022

Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу шараларын нығайту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл жөнінде Облыс басшысы Дархан Сатыалды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтты. Оған комиссия мүшелері, құқық қорғау, мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. 

Сауран, Келес, Түлкібас ауданының әкімдері отставкаға кетуі мүмкін. Өйткені, қол астындағылар жемқорлыққа жол берген. Олардың істері қаралуда. Аталған тұлғалардың тәртіптік жауапкершілікпен ғана оңай құтылып, не сытылып кетпеуі керек. Қайта құқықбұзушылық деңгейіне қарай тиісті жауапкершілікке тартуды ұсынды. Сондай-ақ, облыста мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып, май шелпекке айналдырғандар азаймай отыр. Бармақ басты көз қысты әрекетке жол бергендердің көшін білім және медицина, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бастап тұр. Бұл тізімде әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, құрылыс және инфрақұрылым салалары да бар. Осы жемқорлық жиі ұшырасатын салалар арнайы әзірленген  тәуекелдер Картасына енген.

Комиссия отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай облыс аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. 

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол берген әр тұлғаның жауапкершілігі ескерусіз қалмайтын ескертті. Сөйтіп, күн тәртібінде қаралған салалар мен мәселелер бойынша тапсырмалар берді.