Түркістан
EN

Сауран ауданында «Достық айтысы» өтті

148
20.10.2022

Түркістан облысы, Сауран ауданында айтыс өтті. Іс-шара жеке кәсіпкер Құдайберген қажы Құсбиевтің қолдауымен «Мәуліт» айының құрметіне ұйымдастырылған.Ерекшелі сол, бұл айтыста жеңімпаз болмайды. Ақындар өзара «достық» айтысын құрып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Діни мерекенің құрметіне ұйымдастырылған сөз бәйгесіне еліміздің арқалы ақындары қатысты.Барлығы да оңтүстіктің тумасы, айтыстың айтуылы жүйріктері. Атап айтсақ, сөз додадысың ақтаңгерлері Бөрібай Оразымбетов ПЕН Карима Оралова сөз додасының шымылдығын түрді.Олар өзара қалжыңдасып,нағыз  жезде мен балдыз айтысын көрсетті.

Екінші жұп белгілі ақын Қажымұқан Абзалов пен Нұрғали Анапия, аға мен іні арасындағы сыйластықты көрсете білді. Сондай-ақ, сөзден маржан терген айтыскерлер Сауранның тарихы мен шежіресін жырға қосты.Ал, Нұрлыбек Мейірменов пен Карима Оралова аламан айтысты қортындылады. Аудан жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сылаған бұл айтыс Құдайберген қажының биылдыққа ұйымдастырған 2-ші айтысы.

Сөз додасының соңында 3 жұп болып айтысқан ақындар арнайы марапаттар мен жеке кәсіпкердің ақшалай сыйлығына ие болды. Еске салсақ, ауданның 1 жылдық мерейтойында дәл осындай достық айтысы өткен болатын.