Түркістан
EN

Елімізде өрт сөндірушілердің жалақысы төмен

119
20.10.2022

Елде өрт сөндірушілердің ең төменгі жалақысы 110 мың теңге. Ал орташа айлық шамамен 200 мыңның төңірегінде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты. Сондықтан келер жылы олардың жалақысын арттыру көзделуде. Бірақ 40 пайызға ғана. Ведомства өкілі кадр мәселесіне де тоқталды. Белгілі болғандай, қазір салада олардың тапшылығы аса сезілмейді. Ал вакантты орындардың көлемі 10%-ға да жетпейді.