Бүгін – тілсіз жаудың тілін тапқан құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Жалпы жыл басынан бері елде он мыңға жуық төтенше жағдай тіркеліп, мыңнан аса адам зардап шеккен. Тек құтқарушылардың қайтпас қажырлығы мен кәсіби шеберлігі адам шығынын азайтып, тілсіз жауды жылдам ауыздықтауға мүмкіндік берді. Дәлірек айтсақ, биыл төтеншеліктер 10 мыңға жуық адамды құтқарып, 60 мыңнан аса тұрғынды эвакуациялады. Қазір бұл салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді.