Түркістанға Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдап, келіссөздер жүргізді. Кездесуде адам құқығы, адам саудасы, жаңа қуат көздерін табу, су ресурсын үнемдеу, ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды қарастыру мәселелері сөз болды. АҚШ консулы Түркістанға Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдап, келіссөздер жүргізді. Кездесуде адам құқығы, адам саудасы, жаңа қуат көздерін табу, су ресурсын үнемдеу, ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды қарастыру мәселелері сөз болды. АҚШ консулы Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімшілігі Америкадан келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, кез-келген салада әріптестік орнатуға дайынбыз,- деген пікір білдірді.