Түркістанға Қазақстан Республикасы Сенаторлар кеңесінің өкілдері келді. Ондағы мақсат заң шығару саласындағы жаңалықтарды, Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды баяндау. Рухани орталықтағы өзгерістермен танысқан сенаторлар Алатау Медиа орталығына да ат басын бұрды.
Сенаторлар кеңесінің өкілдері оңтүстіктегі өзгерістерге оң бағаларын берді. Жаңа медиа орталықтың жұмысымен танысып, еркін пікір алмасты. Әуелі, Түркістан телеарнасының студияларын аралап, жұмысымен танысты. Қоғам қайраткері Қуаныш Серікұлы өзі еңбек еткен жылдардағы өзгерістерді атап, қазіргі мүмкіндіктерге тоқталды. Сондай ақ, біздің арнаның тұрақты көрермені екенін айтты.
ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ - Өзім үйімде Түркістан каналын тұрақты көремін. Біз тәуелсіздік жариялағанн кейін тұңғыш рет бетакам деген камера болған телеарнада сол тұңғыш рет 2 камераны Германиядан біздің жігіттер алып келгенде бізде той болған. қазіргі мүмкіндік жермен көктей қолдарыңда уыстарыцңда бақ дейді бағалағанның қолында тұрады.
Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Сарықызы рухани орталықтағы өзгерістерге өз таңданысын білдірді. Түркілер төрінде орналасқан Түркістан телеарнасының қызметкерлерімен танысқан сенаторлар пікір алмасты. Еркін форматтағы кездесуде тілшілер тіршілігінің оңай еместігін атап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ СЕНАТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Сіздерге қарап қарапайым халық ақпаратты басқа жерден алмаса да сіздің айтқаныңыз, сіздің жазып бергеніңізге байланысты осындай тенденция бар екен деп сіздерге сенеді халық. Сондықтан сіздердің жүректеріңіз таза болу керек. Сіздерге жақсы жақсы нюстар болсын, сараптама жасап дұрыс беруіңізді тілеймін.
Жалпы сенаторлар кеңесі бейресми ұйым. Мемлекеттік саясатты жүргізуге жәрдемші болуды мақсат тұтады. Сондықтан өңірлерді аралап, мәселелерін тыңдауға даярмыз дейді сенаторлар. Айта кетсек, киелі шаһарға келген зиялы қауым ішінде Қуаныш Айтаханов, Светлана Жалмағамбетова бар. Сондай ақ, Орынбай Рахманбердиев пен Әлімжан Құртаев та арнайы келген.