Түркістан
EN

Еліміз мақтаны толық өңдей алмай отыр

173
19.10.2022

Биыл Түркістан облысында мақта жылдағыдан екі есе артық өнім беруде. Сондықтан да, ақ алтынды қабылдау пунктері мен өңдеу зауыттары күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Алайда, мақта мол болғанымен, шаруалардың мазасы жоқ. Себебі, жыл сайын баға құбылып тұрады. Бірақ, бұл мәселенің де шешімі бар дейді халық. 

Ералының ауыл шаруашылығымен оның ішінде мақта егуді қолға алғанына биыл 10 жыл болды. Ақ алтын өсірудің қиындығы сол «жыл он екі ай пейнеттену керек» дейді ол. Сондай-ақ шаруа биылғы өнімнің мол екенін де тілге тиек етті. 

ЕРАЛЫ БЕКЕНОВ - ШАРУА - Түркиядан арнайы техникалар алып жатырмыз осы мақтаны теретін...

Ералы секілді шаруаларды алаңдатқан жалғыз мәселе мың түрлі бұйымға кәдеге асатын мақта, жыл санап назардан тыс қалуда екен. Себебі, ақ алтынға деген сұраныс аз. Болған күннің өзінде тек шет ел асыруға тура келеді. Егер, Қазақстанда кем дегенде екі үлкен текстиль зауыты болса, мақтаның бағасы арта түсер еді дейді.

ЕРАСЫЛ БЕКЕНОВ - ШАРУА - Өткенде шеруге шығып жүрген шаруалардың нақты талабы жоқ. Мұндай айхай-шумен ештеңе шешілмейді. Үкіметке қойылатын негізгі талап мақтаны кәдеге асырып үйренуіміз қажет...

Бір ғана Жетісайдың өзінде мақта өңдейтін онға жуық зауыт бар. Өңдегенде қалай? Алқаптан жиналған ақ алтынды шаруалар мақта қабылдау пункттеріне өткізеді (оның саны аудан бойынша 90-ға жуық). Ал, пунктерге жеткізілген өнім «Ақ алтын» корпорациясы сияқты завоттарға жөнелтіледі. Мұнда таза мақтаны шитінен ажыратып, оны түтіп тазалайды. Әр түрлі өңдеу процестерінен өткен өнім таза, жоғары сортты ақ алтынға айналады. Одан сіз киіп жүрген киімдерден бастап, оқ дәрілерге дейін жасауға болады. Бірақ, Қазақстан тек шикізат өңдеумен ғана тоқталған. Бұл дегеніміз, өзге мемлекеттер ақ алтынды аз ақшаға сатып алып, өзімізге құнын қайта көтеріп сатып жатыр деген сөз. 

ЕРБОЛ ҚАЛДАРОВ - «АҚ АЛТЫН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ - Негізі, заводтың жылдық қуаттылығы 65 мың тонна...

АЛТЫНБЕК ӘМИТ – ТІЛШІ - Қазақстанда өсетін мына мақтаның бағасы Ливерпульдік биржаға тәуелді. Себебі, бұл әлемдік нарық. Егер, піскен өнімді сыртқа шығармай, өз елімізде қалдырсақ ешқандай биржаға тәуелді болмаймыз дейді шаруалар.