Түркістанда өтетін «VOICE OF TURAN» Халықаралық байқауының қатысушылары дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Алдымен, олар түркі әлеміне ортақ мәдени мұра Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып зиярат жасады. Содан соң «Ұлы дала елі» орталығында еліміздің тарихымымен тереңірек танысты. Сондай-ақ, сахнаға шығу реттілігін анықтау үшін жеребе де тасталды.
Түркістан - түркі халықтарының алтын бесігі. Мәдениетіміз мен әдебиетіміз ұқсас келеді. Сәулет өнеріміз шығыстық стильге жақын. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көрген өзбекстандық қатысушы осылай дейді.
Жеребе тастау рәсімі ерекше форматта жүргізілді. Қазақ халқы үшін киелі саналатын киіз үйдің ішіне арнайы сандар жазылған. Үміткерлер осы реттілік бойынша сахнаға шығатын болады. Алғашқы болып өнер көрсету Грузиядан келген Татия Кобаладзеге бұйырды.
«VOICE OF TURAN» жобасына 60 миллион теңге бөлінген. Мұның ішінде қатысушалардың жолы, жатын орны мен тамағы бар. Сондай-ақ, гранд при иегеріне – бес мың, бірінші орынға – 3 мың, екінші орынға – 2 мың, үшінші орынға – бір мың ақш доллары табысталатын болады. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш байқауда 2020 жылы Молдова республикасынан Галина Шкода, 2021 жылы Бурятиялық Цыден Еши бас жүлдені иеленген еді.