Халыққа жағдай жасау керек. Бүгін облыс басшысы Дархан Сатыбалдының қатысуымен әкімдікте өткен апталық мәжілісте тұрғындарды газбен қамту мәселесі талқыланды. Жауаптылар әкімге облыс халқының 73 пайызы газбен қамтылған деп есеп берді. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды облыста 540 мыңнан астам адам әлі күнге дейін отын жарып, күл шығарып жүргенін айтып, газбен қамту жұмыстарын жандандыруды мықтап тапсырды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ – Адамдар газ келді деп қуанады. Бірақ газды үйге кіргізуге дейін түрлі қиындықтардан өтеді. Осы мәселені бақылауға алып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек. Газ саласына қатысты әрбір мәселеге жауапты тұлғалар бекітіліп, тұрақты мониторинг жасалуы тиіс,
Алдағы 3 жылда 255 елді мекен табиғи газға қосылады деп күтілуде. Сөйтіп, облыс халқының 2 млн. 3 мың тұрғыны «көгілдір отынның» игілігін көреді.