Бүгін Түркістанда судьяларға арналған екі күндік семинар басталды. Бұл жуырда ғана күшіне енген әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті іске асыру аясында өтуде. Мемлекет басшысы оған бір жыл бұрын қол қойған еді. Құжат азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларын жеңілдетуге арналған. Енді шағымдарды мамандандырылған соттар қарайды. Ол 14 өңірде және республикалық маңызы бар үш қалада құрылды. Осылайша ел аумағында барлығы 21 мамандандырылған сот жұмыс істейді.