Түркістан
EN

Мақта зауыттары ақ алтынның келісін 330 теңгеден қабылдап жатыр

221
18.10.2022

Өңірде мақта зауыттарының жұмысы қарқынды. Себебі, биыл ақ алтын жылдағыдан қарағанда екі есе артық өнім берді дейді мамандар. Шаруаларды алаңдатқан жалғыз мәселе баға. Алайда, жыр болған мақта құнының да тоқтамға келер уақыты жақын. Мәселен, Мақтаарал ауданында орнраласқан "Жанасыл" корпарциясы ақ алтынның келісін 330 теңгеден қабылдап жатыр. Тақырыпты толығырақ егін жинау науқанының басы қасында жүрген тілшіміз тарқатады.

"Жанасыл" корпарациясы заман талабына сай құрылғылармен жабдықталған еліміздегі жалғыз мақта зауыты. Су жаңа нысан жылына 65 мың тонна өнім сақтауға қауқарлы. Ғимараттың артықшылығы сол, кеңес одағынан қалған зауыттар сияқты үлкен жер көлемін қажет етпейді. Құрылғылар мен мақтаны өңдеу аппаратарының барлығы да шағын әрі ыңғайлы. Бүгінде бұл корпорация мақта бағасын 330 теңгеден қабылдауда.