Түркістан
EN

Түркияда балық аулаудан жарыс болды

155
18.10.2022

Туризм – табиғатыңа тамсандырып, көрікті жерлерді көрсету ғана емес. Табыс табудың тағы бір жолы. Осыны тереңінен түсінген түрік ағайындар мемлекет қазынасының бір бұрышын дәл осы саламен толтырып отыр. Бүгінде әлемдегі турист көп қабылдайтын он елдің қатарында.  Мәселен, турист тарту мақсатында Стамбұл қаласының әкімдігі қонақтардың көңілін аулап, саяхатын қызықты өткізу үшін әртүрлі бағдарламалар әзірлеп қойған. Әсіресе, туризм маусымында шетелдік меймандар көп жүретін орындарда ондаған шаралар ұйымдастырылып жатады. Солардың бірі дәстүрлі «Балық фестивалі».

Стамбұлға келген туристердің арнайы келетін туристік орталығы бар. Ол Эминөні жағалауы. Бұл жер көбіне мындай балықшылар мен және нанның арасына салып беретін балық асымен танымал. Дәл қазір балық фестивалінің үстінен түстік. Әкімдік тарапынан арнайы жүлде қарастырылған. Бұл туристер үшін әрі балықшыларға құрмет ретінде соңғы 10 жылда тұрақты түрде өткізіліп келеді. 

Дәлірек айтқанда бұл фестиваль осымен 16 рет өткізілуде. Балық аулап, бақ сынасқан қатысушылардың саны 60 адам. Жарыс таңғы 7де басталып, 12-00 ге дейін жалғасады. 

Фестивальдің шарты бойынша әркім жеке дара қатысыды. Өзінің ұстаған балығын жарыс соңында бізге әкеліп өткізеді, төрешілер таразыға тартады. Көпірдің үстіндегі орынның сыйымдылығына байланысты 100ден асырмаймыз. Жарыстың соңында аудан әкімінің өзі келіп марапаттайды. Себебі бұл балықшыларға деген құрметіміз

Таңмен таласып балық фестиваліне қатысушылар жарыстың соңына да келіп жетті.  Әркім өзінің аулаған балығын төрешілердің алдында есептетеді. Жаңа ғана біз сұхбат алған Мұхаммед деген бұл кісі спорттың тілімен айтқанда 2019 жылдан бері жүлде бермей келе жатқан фаворит. Міне біздің сұхбат берушіміз Мұхаммедтің балығы 10 кило шықты. Әзіргі бұл кісіні басып озған балықшы жоқ. Алғашқы орында тұр. Бірақ әлі қатысушылар көп. Бұған дейін 6 келіден аспаған. 

Фестиваль әкімдік тарапынан ұйымдастырылғасын әкімнің өзі келіп, жеңімпаздарды қаржылай марапаттап, алғысын білдірді. Сайысты тамашалауға келген туристерге қуырылған балық пен сусынды тегін таратып, шараның көркін қыздырды.